Қарағандыда жетімдерді асырап алып, құлша жұмсаған отбасы сотталды

Денелерінің сау-тамтығы жоқ. Қалдық тамақ беріп, тіпті иттің үйшігінде түнеуге мәжбүр қылған. Қарағанды соты асырап алған балаларға күш көрсеткен отбасыға үкім шығарды. Алты жетімді асырап алған отбасы құлша жеккен. Үйдегі, сарай мен бау-бақшадағы барлық жұмысты мойнына артқан. Тергеу нәтижелерін сараптай келе сот олардың барлығын да кәнілі деп тапты. Үйдің иесі 12 жыл, әйелі 10 жыл, ал қызы 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылды. Барлығы сот залынан бірден қамалды. Жәбір көрсеткерлер әр балаға 10 миллион теңгеден өтемақы төлейді. Сонымен қоса бала тәрбиесіне деп берілген 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарады. Өйткені жәрдемақы бәс тігіп, қызық қууға жұмсалған. Бірақ олар өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірмек.
СОВЕТХАН СМАҒҰЛОВ, СУДЬЯ:
— Бұлар – заң жүзінде асыраушылары. Балалардың ата-анасы ретінде бекітілген. Алайда, олар заңға қайшы әрекет еткен. Кәмелет жасына толмаған балаларды ұрған, жәбірлеген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал