Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Ақтөбені су басты

Ақтөбеде екі аптадан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаланы су баса бастады. Су жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге дейін жетіп жағдай күрделене түсті. Кейбір үйдің шатыры да нөсерге шыдамай, жаңбыр суы бөлмелерге кірген. Соңғы бір тәулікте арнайы орталыққа 1500-ден астам өтініш түскен. Тұрғындар су сорып беру мен шатырдан аққан суды тоқтатыңыз деп көмек сұрап жатыр. Ал синоптиктер жаңбырлы ауа райы кем дегенде тағы бір апта сақталады деп болжап отыр. Осыған байланысты барлық төтенше және коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Қазір Ақтөбе көшелерінде су сору техникалары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
ТАЛҒАТ НАУРЫЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
— Қазіргі таңда екі ауысыммен ассенизатор машинасы жұмыс істеп жатыр. Бес сорғы станциясы қосылды. Сонымен қатар су төгетін 30 орын бекітілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал