БҚО-да халықты жұмыспен қамту саласы белшеден былыққа батқан

Батыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту саласы белшеден былыққа батқан. Мұны құзырлы орган жүргізген тексеру нәтижесі көрсетті. Яғни заңсыз жұмысқа орналастыру, есептік деректі бұрмалау, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және мемлекеттік грантты бөлу кезінде заңды белден басқан. Мәселен, осы уақытқа дейін арнайы білімі мен білігі жоқ 90 азаматтың жұмысқа орналасуға жолдама алғаны анықталды. Ал өңірде 17 мың адам екі қолға бір күрек таппай отыр. Оның арасында сол орынға сай маман да бар. Құзырлы органдар жауапты мекемелерге осы олқылықты ретке келтіріп, мақсатсыз жұмсалған қаражатты кері қайтару және бұған жол берген тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы тапсырмалар берді.
ӘСЕЛ ЗАЙДУЛИНА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарды жою, статистикалық деректердің шынайылығын қамтамасыз ету, яғни 5 миллионға жуық бюджет қаражатын қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы тапсырмалар берілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал