Астанада «ReStart» экологиялық жобасының финалы өтті. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараға ел аумағындағы 23 университеттің студенттері қатысып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жобаларын таныстырды. Қатысушылар қалдықты бөлек жинау, пластикті қайта өңдеу және тұрақты тұтыну бағытындағы бастамасын ұсынды. Сонымен қатар экология саласындағы заңнамалық бастама талқыланып, үздік тәжірибе таныстырылды.
СВЕТЛАНА КӨЖЕНБЕРДИЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
— Жоба өте керемет. Бұл академиялық ортаны, бизнес қоғамды және мемлекеттік органдар мен қарапайым халықты үлкен бастамаға жетелейтін жоба деп айтуға болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.