Ойын-сауық индустриясы туризмнің жаңа драйверіне айналып келеді

Әлемдік жұлдыз концерті, спорттық жарыс және ауқымды шоу. Бұл ойын-сауық индустриясының бір бөлігі ғана емес, туризмді дамытатын маңызды факторға айналып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен Freedom Talk пікірталас клубының отырысында сала өкілдері мәлімдеді. Қазақстандықтар эмоция мен ірі шараны тамашалау үшін өзге қалаға, тіпті елге жиі сапарлай бастаған. Freedom компаниясы мұндай іс-шараларға деген сұраныс цифрлық қызметке деген қажеттілікпен қатар өсетінін айтты. Соңғы жаңалықтың бірі – бір сапар аясында әуе және теміржол қатынасын біріктіруге мүмкіндік беретін күрделі маршрут қызметі. Бұдан бөлек, Ticketon платформасында қолданушылар қайта сата алады. Бұл жалған билетті сатып алу қаупін азайтады.
ЕРЛАН ЕСІМСЕЙІТОВ, FREEDOM LIFESTYLE GROUP АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Біз үшін ойын-сауық индустриясы – өте маңызды сала. Туристік қызмет, өз іс-шарамызды ұйымдастыру және Ticketon арқылы билет сату бағыты бар. Сондықтан экожүйе ретінде біз осы қызметтің барлығын біріктіріп, пайдаланушыларға ең тиімді, ең қолайлы ұсыныс жасай аламыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал