Мемлекеттік мереке десе, қазақстандықтардың ойына не келеді?

Мемлекеттік мереке десе, қазақстандықтардың ойына, ең алдымен, Ту, Елтаңба мен Әнұран келеді. Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген зерттеу нәтижесі халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі жоғары екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысқан 3 мың адамның жартысынан көбі мерекелерді Ту мен Елтаңбамен байланыстырса, респонденттердің 44 пайызы Әнұранды атаған. Ұлттық киім де мерекенің ажырамас белгісіне айналып отыр. Ал концерт, серуен, дастарқан мен отшашу сияқты мерекелік көріністер рәміздерден кейінгі орында. Бұл қазақстандықтар үшін мемлекеттік мерекенің мәні көңіл көтеруден гөрі елдік құндылықтармен астасып жатқанын аңғартады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал