Сәрсемәлиев ісі: мәйіттердің үстіне линолеум төсеп, диван қойған | 04.06.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕМГЕ АҚША КЕРЕК
Сиырды сат, емге ақша керек. Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиев ісіне қатысты жаңа дерек белгілі болды. Куәгер WhatsApp арқылы берілген нұсқаумен малды күтіп, сатып алушыға көрсеткенін айтты.

СУҒА ЖАЛҒЫЗ БАРМА
Түркістан облысында ағайынды екі бала суға ағып кетті. Мамандар жеткіншектердің қараусыз қалғанын айтады. Шомылуға болмайтын жерге суға түскен. Балалар қауіпсіздігіне кім жауапты?

КӨЛІКПЕН ЖҮЗІП ЖҮР
Қайық сатып алу керек еді. Екі аптадан бері толассыз жауған жаңбырдан көшеге су жайылып, ақтөбеліктер көлікпен жүзіп жүр. Тұрғындар суағардың жоқтығына наразы, синоптиктер маусым түгел жаңбырлы болады деп отыр.

БАЛАБАҚША ЖЫРЫ
Жабыла ма, жөнделе ме? Ата-аналар Петропавлдағы 100 орындық балабақша ғимаратын сақтап қалуды талап етті. Мамандар нысанды қауіпті деп тауып, балаларды басқа жаққа көшіруге шешім қабылдаған.

РӘМІЗДЕР КҮНІ
Мемлекеттік мереке жақындаса, ойға Ту, Елтаңба мен Әнұран келеді. Зерттеу осыны растады. Ал концерт пен отшашу қанша жерден әсем болса да, қазақстандықтар рәміздерді көргенде марқаятынын айтты.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал