Астанада жүргізуші баланы қағып өтіп, тоқтамай кеткен

Баланы қағып кетті де, тоқтамады. Астанадағы Toyota көлігінің жүргізушісі кейін табылып, көлігі айып тұрағына қойылды. Оқиға қаланың қақ ортасында, Сығанақ даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында, болған.
ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, АСТАНА ПД БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Жаяу жүргіншінің жеке басы және оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал