Шымкентте жол қауіпсіздігіне бақылау күшейді. 11 жасар баланы ауыр жүк көлігі қағып, мерт қылған қайғылы жағдайдан кейін ауқымды рейд басталды. Тәртіп сақшылары қаладағы ауыр жүк көліктеріне тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ «Жолдағы балалар» шарасы аясында балалар мен ата-анаға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережесінің сақталуын ескертіп жатыр. Екі тәулік ішінде көлік жүргізушілері 270 әкімшілік құқық бұзған. 87 көлік айыптұрағына қойылды. Көлік жүргізушілерінің пікірінше, қауіпті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін мұндай рейдттер жиі жүргізілуі керек.
БАБУР РАСУЛМАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Рейдтік іс-шара жүргізіп жатқаны дұрыс болған. Жақында ғана үлкен машинаның балаларды қағып кеткенін естідік, көрдік.
АСЫЛЖАН ОЗҒАНБАЙ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Шымкент қаласында өтіп жатқан «Жолдағы балалар» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Электрлі самокат, велосипед, мопед және өзге де жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылар тарапынан болатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.