Шемонаиха ауданында трансшекаралық көпір құрылысы cозылып кетті. Жоспар бойынша бұл өткел Қытайдан Ресейге шығатын транзиттік жүк ағынын реттеп, қазіргі апаттық көпірдің орнын басуы тиіс еді. Инженерлік жоба дайын болғанымен, құрылыс аумағындағы жерді мемлекет мұқтажына қайтару мәселесі әлі бітпей жатыр. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, өзге нысандардың иелеріне өтемақы төленген. Қазір тек ұсынылған сомаға келіспеген бір тұрғынмен сот ісі жүріп жатыр. Бұл дау аяқталған соң, істің алға басуы тікелей бюджеттің қаржыландыруына байланысты болады. Жалпы, құны 8 миллиард теңгелік жоба осы жазда басталса, көпір 2 жыл ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.