Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ке дейін төмендетті, бұл соңғы айлардағы қатаң ақша-несие саясатының жұмсара бастағанын көрсетеді. Бұған дейін инфляцияны тежеу үшін ставка 18%-ке дейін көтеріліп, ұзақ уақыт сол деңгейде сақталған болатын. Қазіргі таңда инфляция біртіндеп бәсеңдеп, 10,4%-ке дейін түскені тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім нарыққа оң сигнал беріп, несиелеу біртіндеп жандана бастауына әсер етуі мүмкін. Дегенмен бағаның толық тұрақтануы үшін ақша-несие саясаты әлі де қатаң бақылауда қала береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.