Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік әділет жүйесі азаматтардың құқығын қорғаудың тиімді құралына айналғанын айтты. Бүгінде соттар мемлекеттік органдардың шешімдерін ғана емес, олардың қаншалықты заңды әрі әділ қабылданғанын да бағалайды. Соңғы бес жылда әкімшілік істердің басым бөлігі азаматтардың пайдасына шешілген. Мемлекет басшысы қоғамда соттардың билік жағын ғана қолдайды деген түсінік біртіндеп жойылып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ әкімшілік әділет жүйесін одан әрі жетілдіру және азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру міндеті қойылды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Билік және бизнес өкілдері өзара сындарлы байланыс орнатуы керек. Олар өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет. Билікте отырған лауазымды тұлғаларға тапсырмам әр даулы жағдайда мәмілеге келетін жолды іздеу керек. Бірақ бұл жол заңнама жүйесіне нұқсан келтірмеуі керек. Басқа сөзбен айтқанда, әр келісімнің заңдық шектеуі болуы тиіс.
ГҮЛЖАН МЫРЗАТАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Судья өзінің құқықтық пікірін білдіре алады, кейде адвокаттардың өзі талапты дұрыс қоймайды. Өз құқығын қорғауда қателесуі мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.