Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҚТЫ ДА КЕТЕ БАРДЫ
Астанада баланы қағып өтіп, алаңсыз кеткен жүргізуші қамалды. Ал Шымкентте жүк көлігінің қозғалысына қатысты ауқымды рейд басталды
ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ…
Базалық мөлшерлеме түсті. Енді не болады? Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендеді. Ұлттық банк ставканы 17 пайыз деп бекітті.
ТЕККЕ ТӨЛЕНГЕН ТЕҢГЕ
Бақилық болған да, шетел асқан адамға да зейнетақы төленіп келген. Елімізде 20 миллиард теңгеден астам төлем текке жасалды. Зейнетақы жүйесіндегі олқылық тексеріліп жатыр.
ДИҚАН ШЫҒЫНЫ
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр диқандарды шығынға батырды. Жетісайда қауын-қарбыздың 80 пайызы шіріп, өнім жарамсыз болып қалған.
БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал кей аймақта найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа райының құбылуына не себеп?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.