Талдықорғанда 3 жастағы аяусыз сабаған әкеге сот үкім кесті

Талдықорғанда небәрі 3 жастағы қызын көгала қойдай етіп сабаған әкеге сот үкім кесті.
Оқиға ақпан айында болған. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Белгілі болғандай, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына операция жасалған. Ашуға мінген ер адам сол күні өзінің әйелін де соққыға жыққан. Күдікті өзінің тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, туғандарына қатыгездік танытқаны үшін сот үкім кесті.
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПБ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Оқиғаға байланысты азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал