Жолда қалай болса солай жүріп, ережені бірнеше рет өрескел бұзған көлік полицейлердің назарын аударған. Тіпті жол сақшыларының тоқтау туралы талабына бағынбаған. Сытылып кетпек болған кезде, көлік электр бағанына соғылады. Ал жүргізуші апат орнынан қашып кетпек болған. Сөйтсе, жасына жетпей көлікке отырған жасөспірім екен. Тексеру барысында әлдекім ұрлап мініп кетті деп арызданған жергілікті тұрғынның жоғалған темір тұлпарын өз баласы айдап кеткен. Көлік иесі қандай да бір арыз-талап беруден бас тартқан. Тәртіп сақшылары көлікті ұрлап кетіп тізгіндеген кәмелетке жасы толмаған баланың заңды өкілдері жауапкершіліктен құтылмайды деп отыр.
ӘЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, ПД АҚПАРАТТЫҚ-САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Аталған факт бойынша кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерін, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруына, сондай-ақ, мүліктің бүлінуіне әкеліп соқтырған жол жүрісі ережелерінің бұзылуына жол бергені үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.