ZEEKR көлігінің иесі жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?

Негізгі күдіктімен үшінші отбасы да татуласты деген ақпарат бар. Енді оның жазасы жеңілдеуі мүмкін бе? Тіпті мерзімінен бұрын босап шығуы ықтимал ма? Осы сұрақтарды біз жол апатында қаза тапқан Құмар Тенелбаеваның отбасының қорғаушысы Мейірман Шекеевке қойдық. Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тараптардың үшеуі де кешірім бергенімен, бұл күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Себебі оған тағылған бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондықтан кешірім беру тек жаза мөлшерін анықтауда ескерілетін мән-жайлардың бірі болуы мүмкін. Қорғаушының пікірінше, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Сол себепті тараптар татуласқан күннің өзінде күдікті 8-9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Өйткені ол жол апаты кезінде мас күйде болған. Екіншіден, көлікті сағатына 219 шақырым жылдамдықпен жүргізген. Үшіншіден, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Адвокаттың сөзінше, мұндай әрекеттерді толықтай абайсыздық деп бағалау қиын. Себебі мас күйінде көлік жүргізудің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
МЕЙІРМАН ШЕКЕЕВ, АДВОКАТ:
— Менің білуімше, оның кәмелетке толмаған кішкентай 3 баласы бар, соны және жәбірленушілердің кешірім бергенін ескере отырып, 8-9 жыл беруі мүмкін. Өйткені ол жылдамдық асыра пайдаланғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған, бірақ одан сабақ алмаған. Тағы бір айтарым, ол өзінің нөмерін ауыстырған, яғни соның бәрін жасау абайсызда дегенге келмейді, сондықтан тиісті жазасын алады деп ойлаймын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал