Яна Легкодимованың анасы сотталғандардың қайда отырғанын біле алмай жүр

Атыраулық студент Яна Легкодимованың анасы қызының өліміне кінәлі деп танылғандардың жазасын қай мекемеде өтеп жатқанын біле алмады.
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәліметті беруден бас тартқан», деп хабарлайды «Ақ Жайық» сайты. Галина Легкодимованың өтінішіне жауап берген комитет сотталғандардың сот үкіміне сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқанын ғана мәлімдеген. Ал олардың нақты қай түрмеде отырғаны айтылмаған. 24 жастағы Ризуан Хаиржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимов сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қатаң режимдегі арнайы «Қара бүркіт» колониясында жазасын өтеуі тиіс. Бірақ жақында марқұм қыздың анасына сотталған жігіттер Қостанайдағы №76 түзеу мекемесінде жүргені туралы хабарлама түскен.
Еске салсақ, Яна Легкодимова 2024 жылы Атырауда аяусыз өлтіріліп, оның денесі өзен жағасынан табылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал