Батыс Қазақстан облысы Байқоныс ауылы маңындағы қоқыс полигонынан 144 килограм медициналық қалдық табылды. Жауапты мамандар топырақ сынамаларын алды. Нәтижесі бір апта ішінде белгілі болады. Ал қалдықтар табылған жер арнайы препаратпен залалсыздандырылды. Қалдықтарды құқық қорғау органы өкілдері мөрлеп, шаруашылық субъектісіне сақтауға берді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Негізі мұндай қалдық арнайы пеште өртелуі тиіс. Өңірде бұл қызметті көрсететін бірнеше кәсіпорын бар.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, СЭҚБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Зертханалық талдау нәтижесінде теріс, яғни аурушаңдықтың белгілері, қоздырғыштар табылған жағдайда, біз қайтадан санитарлық-эпидемилолгиялық саламаттылық саласындағы заңнамаға сәйкес жұмыстар жүргіземіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.