Жаңа сайлау жүйесі партиялардың рөлін күшейтпек

Еліміздегі саяси партиялардың бәсекеге қабілеттілігі артып, саяси жүйедегі рөлі күшейе түспек. Қазақстандық институционалдық талдау және реформалар орталығының сарапшылары мұны оң өзгеріс деп бағалап отыр. Айтуларынша, алдағы уақытта партиялар қоғаммен тиімді диалог орнатпақ. Себебі олар өз ұстанымын ашық қорғай алатын мықты депутаттарды тартуға мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес жаңа Конституциялық заңға қол қойды. Енді Құрылтайдың 145 депутаты тек партиялық тізім арқылы сайланады. Яғни сайлаушылар бұрынғыдай жекелеген кандидаттарға емес, саяси партияларға дауыс береді. Ал мандаттар партиялардың жинаған дауысына қарай бөлінеді.
Ал саяси партиялар жаңа саяси маусымға дайындықты бастап кетті. Осы аптада «Аmanat» партиясының съезі өтеді. Сондай-ақ жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай ұйымның екінші съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Саяси ұйымның кезекті съезі 14 маусым күні өтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал