Аптап ыстықтың орнын жаңбыр мен найзағай басады

Астанада алдағы күндері құбылмалы ауа райы болады. Аптап ыстықтың орнын жаңбыр мен найзағай басады. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, мұндай тұрақсыз ауа райы еліміздің басым бөлігінде сақталады. Демек, көп ұзамай оңтүстіктегі асфальтты ерітіп жатқан аптап ыстық бәсеңдеуі мүмкін.

АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
– Қатты жаңбырлар: 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде, 11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі. Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал