Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы жаншып кетті | 08.06.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӘКЕ ЖҰДЫРЫҒЫ
Талдықорғанда ашуға мінген ер адам үш жасар қызына жұдырық ала жүгірген. Көгала қойдай етіп сабап, аяусыз ұрған. Енді өз баласын өзекке тепкен қатыгез әке жазаға тартыла ма әлде жабулы қазан жабулы күйінде қала ма?

ЖАЛҒАН КУӘЛІК
Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тың мәлімет шықты. Куәгерлер жалған ақпарат берді деген күдікке ілінді. Сонда олар негізгі айыпталушыны ақтап алғысы келді ме әлде олардың аузын ақшамен жапқан ба? Тілші зерттеуін ұсынамыз.

АРЫСТАҒЫ АПАТ
Арыс қаласында көлік тізгіндеген әйел үйдің жанында жайбарақат отырған адамдарды басып-жаншыды. Үш тұрғын оқиға орнында кө жұмды. Оның екеуі – бала, біреуі – жүкті келіншек. Тағы екі адам ауруханада жатыр. Рульдегі әйел мас болған деген ақпарат бар.

ТӨЛ ӨНЕРДІ ТҮЛЕТТІ
Ақан сері, Біржан сал, Естай секілді тұлғалардың серілік өнерін теріскейлік өнерпаздар қайта жаңғыртты. Олар әсіресе облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылдарды аралап, ұлттық өнерді ұлықтап жатыр. Сіз де көңілді кештің куәсі болыңыз!

ТАЗЫНЫҢ ТАРИХИ БЕЛЕСІ
Қазақтың құмай тазысы әлемдік кинология саласын дүр сілкіндірді. Жеті қазынаға жататын қасиетті жануардың мүмкіндігі World Dog Show 2026 шарасында таныстырылды. Италияның Болонье қаласында өткен айтулы шарада Қазақстан атынан сайысқа түскен тазы чемпион атанды.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал