Шамалғанда көшеде кетіп бара жатқан әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол әйелді жіппен буындырып өлтірмек болған. Бейнежазбада әйел адамның өмір үшін арпалысып, қаскөйдің қолынан сытылып шығып, қашып үлгергені айқын көрінеді. Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ер адамның бұл әрекетке не үшін барғаны да әзірге белгісіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.