Халық 5 жылда зейнетақы жинағынан 5,8 трлн теңгеден астам ақшасын шешіп алған

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өскенін хабарлағаннан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры іле-шала қазақстандықтар қордан қанша қаржы шешіп алғанын жариялады. Халық 5 жыл ішінде 5,8 триллион теңгеден астам ақшасын шығарып алған. Қор дерегіне сүйенсек, азаматтар зейнетақы жинақтарының басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаған. Ең жоғары көрсеткіш 2021 жылы тіркелді. Сол кезде қазақстандықтар баспана мәселесін шешуге 2 триллион 468 миллиард теңге бағыттаған. Ал емделу шығындарын өтеуге 126 миллиард теңге пайдаланылған. Кейінгі жылдары тұрғын үй мақсатында алынған қаражат көлемі азайғанымен, медициналық қызметтерге жұмсалған қаржы арта түскен. Қор соңғы бес жылдағы жинақтан алынған қаржы көлемі зейнетақы төлемдерінен әлдеқайда жоғары болғанын атап өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал