Елімізде бірегей, көрікті табиғи орындар жетерлік. Дегенмен оларды дамыту мен инвестор тарту жұмыстары әлі де сылбыр. Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да баяу. Үкімет сағатында Туризм және спорт, Экология министрліктері мен өңір әкімдіктеріне бір ай ішінде нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Еліміздегі барлық демалыс аймағы шомылу маусымына толық дайын емес. Бұған басты себеп – қаржы тапшылығы. Мәселен, Жетісу облысындағы Алакөлде былтыр басталған жағалауды бекіту жұмыстары әлі аяқталмаған. Туризм және спорт министрінің айтуынша, бірқатар өңірде туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
— Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Громотуха өзені арқылы өтетін көпір құрылысына және жол жүктемесін азайтуға жол инфрақұрылымын жаңғырту қаржыландыру қамтамасыз ету қажет. Абай облысында Электрмен жабдықтау, айналма автомобиль жолын, блокты модульдік тазарту құрылыстарын және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу сияқты бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған.
Елімізде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Алтын Емел, Іле Алатауы, Бурабай мен Баянауыл секілді бірегей табиғи орын көп. Алайда оларды дамыту мен инвестор тарту жұмыстары баяу. Үкімет сағатында Туризм және спорт, Экология министрліктері мен өңір әкімдіктеріне бір ай ішінде нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Сол сияқты көлікпен қатынау мәселесі де шешімін таппай келеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Әуе және темір жол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады. Көлік минитсрлігі әуе компанияларымен Қазақстан Теміржолымен бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстердің және орындар санын арттыру шараларын қабылдасын.
Есесіне туризм саласы қазынаға жыл сайын 5 триллион теңге табыс әкеліп отыр. Шетелдік демалушылар Қазақстанда 2 млрд 900 млн доллар жұмсаған. Еліміздің туристік тартымдылығы арта түспек. Мәселен, Алматы маңында салынатын Almaty SuperSki тау-шаңғы курортына бөлінген қаржы бір жылдың ішінде өзін ақтауы мүмкін. Демалыс орнындағы қонақүйлер мен туристік нысандар жеке инвесторлардың қаражатына салынады. Мамандардың болжамынша, жаңа курорттық нысан Алматының ғана емес, тұтас Қазақстанның туристік әлеуетін арттырып, елге келетін шетелдік қонақ санын еселемек.
ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ, KAZAKH TOURISM DEVELOPMENT КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Almaty SuperSki тау курорты тек шаңғы тебуге бағытталмаған. Ол жыл бойы жұмыс істейтін әлемдегі жаңа дестинацияға айналмақ. Қазір көк жайлау шатқалында жаяу жүру жолдарының және таудағы веломаршруттардың кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Бұл – өз кезегінде курортқа 12 ай бойы отандық және әлемдік туристерді тартатын сұраныс болатының айғағы.
Жалпы туризмнен түскен салық түсімдері 18 пайызға көбейіп, 630 млрд теңгеге жеткен. Премьер-министр туристік маусымда қауіпсіздікті назарда ұстауды тапсырды. Ең алдымен, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу міндеттелді. Ал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық жедел әрекет ету қызметтері күшейтілген бақылау режиміне көшірілмек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.