Енді ауыл тұрғындарын өрттен төтенше қызметпен бірге еріктілер қорғайды. Ақмола облысында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Борисовка және Покровка ауылының екі мыңнан аса тұрғынын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Қызметті атқару үшін барлық жағдай жасалған, жатын бөлмесі, ас үй, санитарлық торап және өрт сөндіру техникасына арналған гараж боксы жабдықталған. Жеке құрам ТЖД қызметкерлерінің басшылығымен тиісті оқудан өткен. Арнайы көлікпен қамтылған.
ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті дамыту және шалғай ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бекеттер өртті сөндіруге өз бетінше де, мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бірлесіп те қатысады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.