Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ШАМАЛҒАНДАҒЫ ОҚИҒА
Шамалғанда белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс әйелді жіппен қылқындырып, өлтіре жаздады. Оқиға кезінде маңайда көмектесетін ешкім болмаған. Кешқұрымда шабуылға тап болған әйел адам жауыздың уысынан әзер сытылып, жан сауғалады.
СУДЬЯ ІСІ
Германияда кісі қолынан қаза тапқан бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тың дерек шықты. Марқұмның туыстарының адвокаты енесі мен күйеуі өлтірген болуы мүмкін деп тергеліп жатқан іс бойынша сұхбат берді.
ТӨБЕДЕН СУ СОРҒАЛАДЫ
Ақтөбеде үздіксіз жауған жаңбыр салдарынан апатты жағдайда тұрған үйлердің төбесінен су сорғалауда. Тұрғындар көптен бері көше алмай отырғанын айтады. «Жергілікті билік әлі күнге дейін құр уәдемен шектеліп келеді», — дейді. Көше мен үй суға толды, енді азаматтар қайда барып бас сауғалайды?
ОТАНДЫҚ ТУРИЗМ ТҮРЛЕНЕДІ
Almaty SuperSki таулы курортында 60 шақырым трасса салынады. Онымен күніне 10 мыңнан астам шаңғышы сырғи алады. Тағы 11 аспалы жол құрылысы басталады. Ал әлемнің 100-ден астам ел азаматы Қазақстанға электронды виза арқылы қатынайды. Үкімет отырысында отандық туризмнің қалай түрленетіні айтылды.
ӘУЕ ШАРЫ ФЕТИВАЛІ
Qazaqstan International Balloon Festival. Алматы көгіне әлемнің 12 елінен әкелінген 30 әуе шары көтерілді. Екі күнге созылған дүбірлі додада әдемі әуе шоуы көрсетіліп, әсем әуен қалықтады. Осылайша қала сыртындағы жазғы демалыс халықаралық әуе оқиғасына ұласты.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.