Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында қайғылы жағдай болды. Елді мекен маңындағы Кішіөзенге шомылуға барған үш жасөспірім суға батып кетті. Олар биыл мектеп бітірген. Мемлекеттік емтиханды тапсырған соң, ешкімге ескертпей жағада демалмақ болған көрінеді. Бірақ облыстық білім басқармасы бұл ақпаратты растамай отыр. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны да белгісіз. Белгілісі, балалар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.
БАҚЫТЖАН ИХСАНОВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Оқиға орнына БҚО ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Алайда, департамент бөлімшелері жеткенге дейін қаза болғандардың денелері жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.