Ақтөбе – Астрахань тас жолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Апат орнында екі жолаушы қаза тапты, тағы сегіз адам Қарауылкелді ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, бір жүк және екі жеңіл көлік соқтығысқан. Оқиға ізімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кейін белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмған.
ДОСБОЛ ӘУЕЗОВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:
— Өкінішке қарай, ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шегушілер қазіргі таңда қажетті ем алуда. Науқастарға жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санитарлық авиация бригадасы келді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.