Семейде қару асынған ер адам бүтін бір ауданды дүрліктірді. Түнгі сағат үштер шамасында тегіс ұңғылы мылтық ұстаған ол үйінің алдында ары-бері жүріп, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ер адам көлігіне отырып, бұрынғы азаматтық некедегі жарының туыстарына барған. Сол жерде аулада жүрген итті атып өлтірген. Содан соң араққа сылқия тойып алған 33 жастағы азамат шырт ұйқыда жатқан отбасы мүшелерін оятып, балағат сөздер айтып, оларды да қолындағы қаруымен қорқытқан. 87 жастағы әжесін де тыңдамаған. Туыстарының айтуынша, ер адам бұған дейін де әйеліне күш көрсетіп келіпті. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
АБАЙ БАҚТИЯРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫ:
— Атыс жасалған тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталған азамат алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.