Жазда бензин қымбаттай ма?

Жазда бензин қымбаттай ма? Энергетика министрі: «Алаңдауға негіз жоқ», — дейді. Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, елде жанар-жағармай жеткілікті. Бензин мен дизель отынының қоры 36 күнге жетеді. «Сондықтан жазғы маусымда автокөлік көбейгенімен, жанармай тапшылығы туындамауы тиіс», — деді министр. Сәуір айында бағаны өсіруге қатысты мораторий аяқталғаннан кейін жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы өсе бастады. Сол кезде Астанада бір литрі 237 теңге болса, екі айдың ішінде 243 теңгеге дейін жеткен.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— 3-4 теңге қосылды. Бізде сақтау қоры жеткілікті. Тиісті шараларды қабылдаймыз. Керек болған кезде сақтау қорларын босатамыз, ешқандай кедергі жоқ және үлкен өсім болмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал