Ақтауда еліміз бойынша алғаш рет құны 800 млрд теңгеден асатын аммиак-карбамид зауыты салынады. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды. Кәсіпорын 2030 жылы пайдалануға беріледі. Құрылысына 1,5 мыңға жуық жұмысшы тартылады. Ал кешен іске қосылғаннан кейін 700 тұрақты жұмыс орны ашылады. Зауыт жылына 660 мың тонна аммиак, 580 мың тоннаға жуық карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіруге қауқарлы. Бүгінде карбамид Қазақстанда өндірілмейді, көрші елдерден импортталады. Карбамид азотты тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында әртүрлі дақылдарға арналған барлық топырақтарда негізгі тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады және ішкі нарықта сұранысқа ие.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.