Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында үш жасөспірім суға батып, мерт болды. Олар Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші өзеніне барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Осы оқиғадан кейін жағажайларда қауіпсіздік күшейтілді.
БЕНЗИН КҮРТ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Елде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны күрт қымбаттамайды, оны бақылауда ұстаймыз. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп мәлімдеді. Демек, ел ішінде жанармай аспандайды деген сөз қауесет болып шықты.
НЕСИЕ ТАРИХЫ
Енді елде тұтынушылық несие алу қиындайды. Арнайы заң жобасы бойынша қарыз беру тәртібі өзгерді. Өйткені халықтың екінші деңгейлі банктер алдындағы берешегі көбейіп кеткен. Бұған несиесіз өмірін елестетпейтін тұрғындар не дейді?
МАЛШЫ МӘСЕЛЕСІ
«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды». Петропавл қаласының маңындағы ауылдарда мал жаятын жайылым жетіспейді. Малшы мәселесі шешімін табар емес. Сондықтан халық Қызылжар аудандық әкімдігінің алдына жиналды.
ЖЕТІСАЙ ҚАРБЫЗЫ
Жетісайдың алғашқы қарбызы Ресейге жөнелтіліп жатыр. Ақпанда себілген дән үш ай ішінде жемісін берді. Шаруалар қарбыздың 10-ға жуық сортын еккен. Алғашқы өнімнің сапасы қандай? Жергілікті жұрттың пікірін ұсынамыз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.