Жедел жәрдемнің кезекті шақыртуы бұл жолы медицина қызметкерлері үшін күтпеген сынаққа айналды. Павлодарда көшеде жатқан белгісіз ер адамға бір тұрғын жедел жәрдем шақырған. Алайда науқас ем қабылдаудың орнына дәрігерлерді агрессиямен қарсы алған. Ол медицина қызметкерлеріне пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған. Бұдан кейін тіпті реанимобильдің салонына кіріп, көлікті ойрандаған. Сөйтіп, дәрігерлердің өзіне полицияның көмегі қажет болды. Тәртіп сақшылары бұзақыны ұстап, мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырды.
АСҚАР ҒАЗИЗОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Шақырту түскеннен кейін жедел жәрдем 9 минут ішінде оқиға орнына жетті. Олар ер адамға көмек көрсетуге әрекет жасаған кезде, ол тап берген. Мұндайды күтпеген мамандар оны тоқтатуға әрекеттенгенімен, оның қолында пышағы болған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.