Алматыда ер адам сауда орталықтарының бірінің автотұрағында түн ортасында дрифт жасаған. Полицияның мәліметінше, ол қауіпті әрекет көрсетіп, қатты шу шығарған. Жол жабынын бүлдірген. Осылайша, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Құқық бұзушы ұсталды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел түрде анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша оған қатысты заңнамада көзделген әкімшілік шаралар қолданылып, жиналған материалдар соттың қарауына жолданды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.