Шымкентте жылан көбейді. Тек екі айдың ішінде құтқарушыларға 130-дан астам шақырту түскен. Нәтижесінде, 90-ға жуық жылан ұсталды. Ал былтыр жыл бойы 200-ге жуық шақырту түсіп, 78-і ғана ауланған. Бауырмен жорғалаушылардың көбеюі тұрғындардың үрейін туғызып отыр. Мамандардың айтуынша, жылан көбіне жер үйлердің аумағында кездеседі. Алайда олар саябақтар мен тоғайлардан шығып, көпқабатты үйлерге ағаш бұталары арқылы да кіріп кетуі мүмкін. Әзірге қалада жылан шағу дерегі тіркелмеген. Дегенмен биыл сарышаян да көбейіп, 80 адам зардап шеккен. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ТЖД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Жыланның бәрі қауіпті болып есептеледі. Өйткені жергілікті тұрғындар оның қайсысы улы, қайсысы улы емес екенін білмейді. Шымкент қаласында жыланның түрлері көп. Жылан шаққан кезде ешқандай әрекет жасауға болмайды, тек құтқарушылар барғанша бақылап тұру керек. Жыландар тышқаны бар үйлерде, шымшықтар балапандайтын жерлерде көп жүреді. Өйткені жылан солармен қоректенеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.