«Мұндай қаражатты жинау көпшілік үшін мүмкін емес». Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі күрт өскеннен кейін қоғамда осындай қызу талқылау басталды. Айта кетейік, жаңартылған межеге сәйкес, енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандықтың шотында кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы тұрғында – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы азаматтың шотында 13 370 000 теңге болуы тиіс. Егер бұл межеден аз болса, жинақты баспана алуға, ипотеканы өтеуге немесе басқа мақсаттарға жұмсау мүмкін болмайды. Көпшілік зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану жылдан-жылға қиындап бара жатқанын айтуда. Ал жауапты министрлік өкілдері бұл өзгерістерді инвестициялық табыстың өсуімен байланыстырып отыр. Айтуларынша, бұл болашақта лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
ВИКТОРИЯ ШЕГАЙ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Мен зейнетақы жинағындағы жеткіліктілік шегінен асатын қаражаттың барлығын пайдаланған жоқпын. Оның бір бөлігін тұрғын үй жағдайымды жақсартуға жұмсадым. Бұл шешімді болашақтағы зейнетақымның көлемін алдын ала есептей отырып қабылдадым.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.