Оралда қоғамдық көлікте жүру ақысының қымбаттауына депутаттар қарсы шықты. Олар бұл мәселені кәсіби, білікті мамандар жан-жақты саралап, соған сәйкес шешім қабылдауы тиіс деп есептейді. Бұл – 372 мың қала тұрғынының қалтасын қақпаудың амалы. Әкімдік және жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындардың қаржылық есебі, төленген субсидия туралы мәлімет қажет. Мәслихат депутаттары тиісті мекемелерге осындай сауал жолдаған, бірақ әлі жауап алмапты. Қала бойынша бірнеше бағытта жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын бар. Оларға жыл сайын қазынадан миллиардтаған теңге субсидия төленіп келеді. Алайда қоғамдық көліктің бағасы бір рет те арзандаған емес. Керісінше жергілікті билік биыл жолақысын көтеруді көздеп отыр.
КОНСТАНТИН СВЕШНИКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
— Мәслихатта 24 депутатпыз. Олардың кейбірі – кәсіпкер, тағы бірі – мемлекеттік қызметші. Бұл сұрақты егжей-тегжейлі білу үшін онымен саланың білікті мамандары айналасуы керек. Мен депутаттық сауалымда осы мәселені көтердім. Нақты сараланған, жан-жақты зерделенген негіздерге сүйене отырып шешім қабылдауға тиіспіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.