Спорт және туризм министрлігі белгілі шахматшы Бибісара Асаубаеваның Президент атына жолдаған үндеуіне жауап берді. Министрлік өкілдері арнайы брифинг өткізіп, шахматшыға төленген қаражат туралы есеп берді. Ведомство дерегінше, былтыр оған 160 млн теңге, ал осы жылдың басынан бері 210 млн теңге берілген. Екі жыл бұрын шахматшының жалақысы қазіргі мөлшерден екі есе жоғары болғаны рас. Алайда кейін шахмат спорттың басым бағыттарының қатарына енбей қалғандықтан, төлем көлемі қысқарған. Сондай-ақ министрлік басқа да қорлар арқылы шахматшыға қаржылай қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Былтыр Бибисара Асаубаеваға дайындық барысында және оқу-жаттығу жиындарына 160 млн астам теңге берсек, 2026 жылдың жартысында 210 млн теңге қаражат бөлінген. Сондықтан жарысқа өз қаражатын дайындалып жатқаны туралы мәлімет толықтай шындыққа сай деп айтуға келмейді. Себебі 250 млн теңгеден астам қаражат соған бөлінген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.