Астанада кітап оқу мәдениетін арттыруға арналған кездесу өтті

Астанада Мемлекет басшысының «Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру жөніндегі» Жарлығын іске асыру бойынша кездесу өтті. Жиында Жарлықта көрсетілген негізгі бағыттарды жүзеге асыру жолдары талқыланып, отандық әдебиетті кеңінен насихаттау және баспа ісіне цифрлық технологияларды енгізу қаралды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда кітап оқу мәдениетін арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты күшейтеді.
ТОРҒЫН ҚАЙДАРОВА, МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:
— Кітап оқу мәдениеті және дәстүрі үйден басталуы керек. Сонымен қатар білім ордалары да маңызды. Жұмыс аясында да кітап клубтарын ұйымдастыруға болады.

МАДИНА САДУАҚАСОВА, «ЛЕНИВЫЙ ЧИТАТЕЛЬ» КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
— Жаңа технологиялардың дамуы және кітапханалардың отандық кітаптарды цифрландыру бағытындағы жұмысы қазақстандықтардың ұлттық әдебиетке қолжетімділігін арттырып, оны көбірек оқуына мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал