«Жетінші арна» ұжымы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен кездесті. Арна мамандары өңірдің әр аймағынан келген қызметшілерге танымдық дәріс оқыды. Қонақтар телеарнаның жұмысымен танысып, жаңалықтың эфирге дайындалу барысынан мағлұмат алды. Тыңдаушыларға журналистика мамандығының ерекшелігі мен ақпарат таратудағы жауапкершілік жайы айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің сұхбат беру кезінде қандай жағдайларды ескеру қажеттігі де ескерілді. Шенеунік қоғамға қызмет ететін болса, журналистер қауымы – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан екі сала мамандарының мүддесі бір жерде тоғысуы керек деген пікір айтылды.
МЕРУЕРТ ҚИЮБЕК, АҚТӨБЕ Қ. ЖҚӘБ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
— Мемлекеттік маңызы бар органда жұмыс істегеннен кейін қоғаммен байланыс жасау біз үшін өте маңызды. Соның ішінде тілшілермен, журналистермен сұхбаттасу, өз ойыңды, мемлекеттің саясатын дұрыс әрі нақты жеткізу барысында қоян-қолтық араласқан өте дұрыс деп ойлаймын.
ҚУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ, «ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ОҚЫТУШЫСЫ:
— Халықпен жұмыс істегенде ашық болу, қолжетімділік таныту және эмоцияны көрсете білу кемшілік емес. Керісінше, бұл – өте дұрыс қасиет.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.