Алматыда әлемге әйгілі Цирк дю Солейдің OVO шоуы таныстырылды

Алматыда әлемге әйгілі Цирк дю Солейдің OVO шоуы таныстырылды. Сахнаға әлемнің 25 елінен келген 53 өнерпаз шықты. Көрерменді жәндіктердің қиял-ғажайып әлеміне саяхат күтіп тұр еді. Мұнда таңғажайып акробатикалық трюктер, жанды музыка мен көз тартарлық костюмдер қойылымды нағыз ертегіге айналдырады. Жалпы, Қазақстанда шоу 16 рет сахналанады. Қойылым әлемді 17 жылдан бері аралап келеді және осы уақыт ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.
ЖАНИ МАЛЛЕ, CIRQUE DU SOLEIL РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бұл – керемет шоу. Мұнда әлемдегі ең үздік акробаттар мен әртістердің өнері ғана емес, арнайы дайындалған үлкен сахна, ерекше костюмдер, жанды музыка және мол эмоция бар. Қойылымның негізгі тақырыбы – жәндіктер әлемі. Сахнадағы 53 әртіс шегіртке, көбелек, скарабей қоңызы және осы таңғажайып экожүйенің басқа да жәндіктерін бейнелейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал