Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ШАБУЫЛ
Павлодарда ер адам жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасады. Ол шақыртуға барған медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытып, жүргізушіге қол көтерген. Реанимобиль ішін түк қоймай қиратқан. Бұзақыны полиция тоқтатты.
ҚАУІПТІ ДРИФТ
Алматы қаласында түн ортасында тұрғындардың тыныштығын бұзған жүргізуші қамауға алынды. Ол сауда орталықтарының бірінің маңында қауіпті дрифт жасап, қатты шу шығарған. Көлік айып тұрағына қойылды.
ЖОЛАҚЫСЫН КӨТЕРУГЕ ҚАРСЫ
Оралда тасымалдаушылар қоғамдық көлікте жүру ақысын көтергісі келеді. Бірақ оған қалалық мәслихат депутаттары қарсы. Өйткені оларға қазынадан жыл сайын субсидия беріледі. «Яғни шығынның бір бөлігі бюджет есебінен жабылып отыр», — дейді.
ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРМАҚ
Ел үкіметі қарапайым халықтың табысын арттырудың амалын қарастырып жатыр. Жауапты мамандар қаймана жұрттың нәпақасын көбейтудің кешенді жоспарын талқылады. Демек, көп ұзамай сіз бен біздің айлығымыз артуы мүмкін.
ҚАУЫНДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ?
Еліміздің оңтүстігінде қауын-қарбыз пісіп, сатылады бастады. Осылайша, жергілікті жұрт алғашқы өнімге қарық болып жатыр. Ал оның сапасы қандай, құрамында нитрат көп емес пе? Тілшіміз мамандардан жемісті таңдаудың тәсілін сұрады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.