AMANAT партиясы саясат сахнасынан кетеді

Енді AMANAT партиясы саясат сахнасынан кетеді. Саяси ұйым Әділет партиясына қосылуды ұйғарды. Күш біріктіру идеясы AMANAT партиясының кезекті XXVI Съезінде дауыс беру арқылы қабылданды. Ұйымның төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір уақыт талабына, мемлекет мүддесіне, қоғамның сұранысына сай қадам жасау қажет. Сондықтан осындай салмақты шешім шығарылып отыр.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазір уақыт талабына, мемлекет мүддесіне, қоғамның сұранысына сай қадам жасауымыз қажет. Бүгінде мемлекетке бөліну емес, бірігу нүктелері керек. Осындай жауапты сәтте ресурстарымызды жаңа саяси партия «Әділетпен» біріктіруге тиіспіз. Біз ұстанымдарымыз бен идеяларымыздан бас тартпаймыз, керісінше оларды күшейте түсеміз. Мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз және дамудың жаңа кезеңіне өтеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал