Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАНДЫҚОЛ ЖАСӨСПІРІМ
Алматыда 12 жасар бала қатарласының қолынан қаза тапты. Олар әуелі сөзге келіп қалған. Ашуға булыққан танысы оны пышақтап тастаған. Қайғылы оқиға Түріксіб ауданында болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні арнайы мекемеге қамады.
КӨЛІКПЕН ДҮКЕНДІ СОҚТЫ
Көлікпен дүкенді соғуға не себеп? Шымкентте сұмдық жол апаты болды. Жеңіл көлік дүкенді соғып, қабырғасын қиратты. Көліктегі екі адам ауруханаға түсті. Оның біреуі – аяғы ауыр келіншек. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Апта басында Арыста осыған ұқсас жағдай болған еді.
ИТТІ БАЛҒАМЕН ҰРЫП ӨЛТІРДІ
Степногорскіде ер адам балалардың көзінше итті балғамен ұрып өлтірді. Ерлі-зайыпты әуелі қарғы баулыны лифт арқылы сыртқа алып шыққан. Содан кейін талдың түбіне апарып аяусыз ұрған. Олардың итке не үшін өшіккені әзірге белгісіз.
ALATAU CITY
Гонконг Қазақстанның жаңа инвестициялық жобасына қызығушылық танытып отыр. Үкімет делегациясы Азиядағы ең ірі қаржы орталықтарының бірінде Алатау қаласының мүмкіндіктерін паш етті. Әлемдік деңгейдегі кәсіпкерлерге бірегей жобаның әлеуетін таныстырды.
САҚИНАЛАР ӘМІРШІСІ
Қарағандыда қала тұрғыны ауланы ертегі әлеміне айналдырды. Шебер айналаны «Сақина әміршісі» атты қиял ғажайып кино стилінде әрлеген. Жергілікті тұрғынның тағы қандай өнері бар? Тілшіміз көрсетеді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.