Алматы қаласының Түрксіб ауданында 12 жасар бала қатарласының қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға жасөспірімдер арасындағы келіспеушілік салдарынан болған. Жақындарының айтуынша, марқұмды өзімен бір мектепте оқитын 7-сыныптың екі оқушысы кездесуге шақырған. Сол жерде балаға тоғыз жерден пышақ сұққан. Жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды. Күдікке ілінген 13 жастағы бала тұтқынға алынып, арнайы мекемеге қамалды. Қайғылы оқиғаны тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің етжақындары қара жамылған отбасына қайғыра көңіл айтып, кешірім сұрады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі таңда барлық тергеу амалы жүргізілуде. Баланың іс-әрекетіне міндетті түрде құқықтық баға беріледі. Одан кейін қылмыстық іс аясында ата-аналарының жауапкершілігі де көзделеді, өзінің балаларын тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.