Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты тергеу әрекеттері аяқталды. 6 айға созылған тергеп-тексеру жұмыстарына нүкте қойылды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінге дейін жәбірленуші тарап пен адвокаты қылмыстық істің жеті томымен танысып шыққан. Сондай-ақ адвокат күдіктінің туған-туыстарын «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы бойынша жауапқа тарту мәселесі әзірге ашық екенін айтты.
АЯНХАН ОМАРОВ, АДВОКАТ:
— Жәбірленуші Нұрай Серікбайдың телефоны ашылған жоқ. Себебі өзінің конструкциялық құрылыстарына байланысты iPad маркалы ұялы телефонды ішіндегі мәліметтерін жоймай, сол күйінде сақтау арқылы ашу мүмкін емес екен. 7 томмен таныстық, көшірмелерін алдық, қазіргі таңда оларды өзіміз тағы зерделеп, тиісті анықтамалар мен анализдер жасап жатырмыз. Яғни үлкен сотқа дайындық жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.