Степногорскіде ер адам балалардың көзінше итті балғамен ұрып өлтірді

Степногорскіде ер адам балалардың көзінше итті балғамен ұрып өлтірді. Ерлі-зайыпты әуелі қарғы баулыны лифт арқылы сыртқа алып шыққан. Содан кейін талдың түбіне апарып аяусыз ұрған. Қала тұрғындары бұл жайтқа қатты алаңдап, әлеуметтік желіде оқиғаны жариялады. Куәгерлердің айтуынша, ит қаңғыбас болмаған. Олардың жануарға не үшін шүйліккені әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. «Қалай болған күнде де қарғы баулыға қатыгездік танытқан тұрғын жазалануы тиіс», — дейді тұрғындар.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері иттің күдікті азаматтың үй жануары екенін анықтады. Иттің қартайып, жағдайының нашарлауына байланысты иесі жануарды ұйықтату туралы шешім қабылдаған. Алайда ветеринарлық клиникаға жүгініп, тиісті қызметті алудың орнына ер адам итке балғаға ұқсас затпен бірнеше рет соққы жасаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал