Қарағанды облысының шаруалары егістігін киік таптап жатқанын айтып дабыл қақты. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, биыл да өнімсіз қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді. Былтыр дәл осы кезде ондаған мың киік Нұра және Осакаров аудандарындағы егістіктерді жапырып кеткен. Ол кезде ақбөкендерді қуып шығу мүмкін болмаған. Көз жетпес жылдамдықпен жүйткіген жануарлар алқаптарда сайран салған. Сөйтіп, шаруалар шығынға белшеден батқан. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, бұл аудандарда 8 мыңға жуық ақбөкен бар. Олар егістікке кірмей, жайылымдарда үй жануарларымен араласып жайылып жүр. Сонымен қатар оларды арнайы құрылған бақылау топтары қадағалап отырғанын айтады.
РАШИД АСҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АОШЖД ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл – олардың табиғи мекені. Керісінше біз олардың жеріне кіріп, сол аумақтарды игеріп жатырмыз. Болашақта бұл жерлерді қайта қарастыру керек, мүмкін кейбір учаскелерді алып тастау қажет болады. Жерді пайдаланушылардың өздері де беріп жіберуі мүмкін, өйткені бұл – олардың табиғи көшу жолы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.