Зайсандағы сегіз ауыл әлі күнге дейін газсыз отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы сегіз ауыл тұрғыны 13 жылдан бері газдандыру мәселесін көтеріп келеді. Себебі аудан орталығы Зайсан қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдар орталық газ жүйесіне әлдеқашан қосылған. Ал газы жоқтар әлі күнге дейін отын мен тезек жағып отыр. Жергілікті билік газ құбыры желісін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтады. Жоба техникалық сараптамадан өтуде. Негізі ауданда газ өндіретін «Сарыбұлақ» кен орны бар. Ондағы газ қоры 181 млн текше метр. Соған қарамастан өңірді газдандыру деңгейі үш пайыздан сәл ғана асады.
ТӨЛЕУ ҚЫРҒЫШБАЕВА, КӨКЖЫРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бізге де тартып береді деп ойладық. Пеш, керектінің бәрін алып қойдық. Бірақ соған қолымыз жетпей отыр. Біз зейнеттеміз. Өте қиын. 50 шақырым жерде тұр, соған қолымыз жетпей отыр.

ҚАЙРАТ ЖҮРСІНОВ, ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Осы уақытқа дейін жобаны түзетуге рұқсат берілмеген болатын. Шынында да, газ қоры бойынша мәселелер және бас тартуға себеп болған басқа да маңызды себептер болды. Қазір бұл бағытта оң өзгерістер байқалып отыр. Бұл бізге үміт береді. Жоба сараптамаға жіберілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал