Қарағанды тұрғыны ауласын «Сақина әміршісі» киносының стилінде әрлеген

Қарағандыда қала тұрғыны ауланы ертегі әлеміне айналдырды. Шебер айналаны «Сақина әміршісі» атты қиял ғажайып кино стилінде әрлеген. Жергілікті тұрғынның шеберлігіне көпшілік тәнті. Бұрын кеңседе жұмыс істеген Наталья Евдошенко цементтен кескін құяды. Сүйікті ісі өмірінің бөлінбес еншісіне айналған соң, негізгі жұмысын да тастаған.
Наталья Евдошенко ұзақ жылдар бойы кеңседе еңбек еткен. Цементтен жасалған алғашқы ертегі кейіпкері оның өміріне жаңа бағыт әкелді. Сол кезден бастап ол шығармашылыққа ден қойып, сүйікті ісін негізгі кәсібіне айналдырған.

Ертегідегідей композицияларды жасауға шебердің ұлы көмектеседі. Ол мүсіндердің берік болуы үшін арнайы металл қаңқаларын дайындайды.

НАТАЛЬЯ ЕВДОШЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен бір ғана тақырыппен шектеле алмаймын. Маған орыс ертегілері де, «Сақиналар әміршісі» де ұнайды. Солардан көптеген идея аламын. Мысалы, Смауг айдаһарының бейнесіндегі мангал жасауды армандаймын.

Наталья Евдошенко жасаған ерекше бұйымдарды күнделікті өмірде де пайдаланады. Шабытты интернеттен және көпшілік сүйіп көретін фильмдерден алады. Бұл хоббиді арзан деу қиын. Сондықтан шебер әрлеу жұмыстарын тапсырыс қабылдайды. Қызмет құнын да соған сай белгілейді. Осылайша, өз ауласындағы жаңа туындыларды жасауға қаражат пен күш жинайды. Жалпы, Қарағандыда Наталья секілді қолөнерге құмар жан аз емес. Сол себепті жергілікті билік олар үшін арнайы байқау өткізуді жоспарлап отыр.

ЕРІК АХМЕТОВ, ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ:
— Қазір әлеуметтік желілерде тұрғындардың өз аулаларын қаншалықты әдемі ұстап отырғаны жиі жарияланып жүр. Өткен жылы біз оларға жасыл желектерді күтіп-баптауға көмектестік. Сондықтан бұл ауланы жақсы білеміз. Қолөнершілерді күзде ұйымдастырылатын байқауға қатысуға шақырамыз.

Наталья Евдошенко әрлеген аула шағын көшенің сәніне айналған. Тіпті осы маңнынң ең көрікті мекені деуге де болады. Мұнда қаланың әр түкпірінен адамдар келіп, қиял-ғажайып мүсіндердің жанында естелікке суретке түседі. Ал шебердің өзі Қарағандыны бұрынғыдан да көркейтуге үлес қосуға дайын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал